Үстелден құлаған: 5 жасар қыздың мұрнына қайшы кіріп кеткен

Үстелден құлаған: 5 жасар қыздың мұрнына қайшы кіріп кеткен
Фото: 24.kg

Қырғызстанның Ош қаласында 5 жасар қыздың мұрнына қайшы кіріп кеткен. Ол облысаралық балалар ауруханасына жеткізіліп, операция жасалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі 24.kg сайтына сілтеме жасап. 

Елдегі Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, баланы Қара-Су ауданының тұрғындары алып келген. 5 жасар қыз жедел түрде отоларингология бөліміне жатқызылып, хирургиялық көмек көрсетілген. 

Басылым мәліметінше, 5 жасар қыз үйде үстелден құлап кеткен. Қолында қайшы болған.

Қайшы қыздың оң жақ бетіне 6-7 сантиметр кіріп кеткен.  

Фото: 24.kg

"Абырой болғанда ірі артериялар зардап шекпеген. Бүгінде қыздың жағдайы жақсы, ол ауруханадан шығуға дайындалып жатыр", - деді министрлік өкілдері. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина