"Өзендердегі су деңгейі көтерілуі мүмкін". Синоптиктер ескерту жасады

"Өзендердегі су деңгейі көтерілуі мүмкін". Синоптиктер ескерту жасады
Фото: Almaty.tv / 2022 жылдың 13 қыркүйегіндегі жағдай

Жетісу мен Жамбыл облысында өзендердегі су деңгейі көтерілуі мүмкін, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Алматы" телеарнасына сілтеме жасап. 

Телеарна мәліметінше, алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады. 

Синоптиктердің болжамы бойынша, Жетісу мен Жамбыл облысында және Алматыға іргелес аймақта еңіс ағын қалыптасып, өзендердегі су деңгейі көтерілуі мүмкін. Салдарынан қаладағы су арналары толып, тасу қауіпі бар.

"Бізде қала ішінен ағып өтетін ірі 4 және 50-ге тарта ірілі-ұсақты өзен бар. Су басу және сең жүру көктем мезгілінде болады. 13 желтоқсанда сең жүріп, мамандар және құтқару қызметінен адамдар тартылып, алдын алуға 5 техника бөлінген болатын. Қазір арнайы мобильдік посттар ірі өзендердің бойына қойылған. Су тасқыны бақылауымызда десек болады.

Сел - ірі залал келтіретін табиғи залалдың бірі болып саналады. Алматы қаласы бойынша биік таулы мореналық 51 көл бар. Олардың арасында 14 көл ең қауіпті деп танылған. Селдің қауіпті кезеңі 15 мамырдан 15 қыркүйекке дейін жалғасады. Оны бақылау үшін әуеден шолу, зерттеу жұмыстары жүргізіледі", - деді "Қазселденқорғау" ММ Алматы қалалық басқармасының бөлім басшысы Әлішер Тоқтасын.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина