Қостанайда жоғалып кеткен оқушы қайда жүргені анықталды

Қостанайда жоғалып кеткен оқушы қайда жүргені анықталды
Фото: Polisia.kz

Қостанайда полиция кеше ата-анасымен жанжалдан кейін үйден кетіп қалған жасөспірімді іздеп тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

Басылым мәліметінше, 7-сынып оқушысының анасы полицияға жүгінген. Іздеуге полицияның барлық жасақғы мен еріктілер бағытталған.

Бүгін кешке оқушы азық-түлік дүкенінің жанынан табылды. Қазір тәртіп сақшылары оның қай жерде болғанын анықтап жатыр.

Оқиғаға психологтар мен ювеналды полиция қызметкерлері қосылды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина