Қарағандыда аудан әкімінің орынбасарына миллиондаған айыппұл салынды

Қарағандыда аудан әкімінің орынбасарына миллиондаған айыппұл салынды
Фото: elements.envato.com

Қарағандыда Әлихан Бөкейханов атындағы аудан әкімінің орынбасары сот алдында жауап берді. Сот оны алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп таныды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Қылмыстық іс Қарағандының Октябрь аудандық сотында қаралды. Ресми деректер бойынша, айыпталушы прокурормен кінәсін мойындау туралы іс жүргізу келісім жасаған. Сондықтан қылмыстық іс келісу ісінде қысқартылған тәртіппен қаралды.

"Сотталушы ҚР ҚК 190-бабы 3-бөлігінің 2-тармағы бойынша қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Оған төрт миллион теңге көлемінде айыппұл төлеу түріндегі жаза тағайындалды", - деді аудандық сот өкілдері. 

Айта кетейік, биыл ақпанда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Әлихан Бөкейханов атындағы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылыққа жауап беретін аудан әкімінің орынбасары ұсталғанын хабарлаған болатын. Ол кезде шенеунікпен бірге әкімдік бөлімінің басшыларының бірі де ұсталған болатын. Мемлекеттік қызметкерлер кәсіпкерден 500 мың теңге көлемінде пара алып ұсталған. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина