Ақтауда ер адам үшінші қабаттан құлап аман қалған

Ақтауда ер адам үшінші қабаттың балконынан құлап аман қалған. Ер адам бірінші қабаттағы қалқаға құлап түскен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Lada.kz сайтына сілтеме жасап. 

Құтқарушылар ер адамды зембілмен көтеріп, медицина қызметкерлеріне жеткізген. 

Оқиға 11 наурызда болған. Ер адамды құтқару сәті видеоға түсірілді. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!