"Қазақ хандығын құрған - Қасым хан". Актриса Анара Батырхан неге сұрақтан тосылды?

"Қазақ хандығын құрған - Қасым хан". Актриса Анара Батырхан неге сұрақтан тосылды?

Отандық танымал актриса, әнші Анара Батырхан "Жұлдызбысың" бағдарламасында тосыннан қойылған сұрақтарға жауап берді , - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бағдарламаның "Жауап бер" айдарында өнер иелеріне тосыннан тарихи сұрақ қойған Қайрат Әділгерей мардымды жауап ала алмады. Әр қатысушыға бірнеше сұрақ жаудырып отырған актер "Қазақ хандығын кім құрғанын" сұрайды.

"4-5 сынып оқушылары жауап бере алатын сұрақтар", - деген актер.

Теңге валютасының қашан айналымға енгенін, Абай Құнанбайұлының дүниеге келген жылын да сұрақ етіп қойған. Бұл сұрақтарға жауап бере алмаған актриса қазақ хандығын Қасым ханның құрғанын айтады.

Одан өзге актердің "Қазақстан тарихындағы алғашқы мультфильм?" - деп қойған сұрағына Анара Батырхан "Том мен Джерри", - деп, әзіл-шыны аралас жауап берді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Е. Ерболұлы