230 келі қошқар Қазақстанның рекордтар кітабына енді

230 келі қошқар Қазақстанның рекордтар кітабына енді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы қошқар иесі Қуаныш Мықтыбаев мәлімдеді. Ер адам Астанадан арнайы маман келіп, жануар салмағын өлшегенін айтты. Миллион атты қошқардың салмағы 231 келі болған.

"Қазақстан рекордтар кітабының атынан Қуаныш Мықтыбаевқа ет және май өндіру бағытында қошқардың салмағы 231 келі екенін растайтын сертификат табыс етіледі. Бұл қошқар еліміздегі ең ауыр салмақты қошқар ретінде тіркеледі", - дейді Рекордтар кітабының ресми өкілі Қуаныш Құдайбергенов.

Екі жыл бұрын Қуаныш Мықтыбаев шымкенттік фермер Рустам Тұрғыновтан 40 мың долларға қошқар сатып алған, бұл сол күндердің бағамы бойынша 18 миллион теңгеге жуықтады. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!