"Өзі сыйлап, өзі алып кетті". Сәкен Майғазиевтің концертіндегі кішкентай қыздың қылығы Қазнетті сүйсіндірді

"Өзі сыйлап, өзі алып кетті". Сәкен Майғазиевтің концертіндегі кішкентай қыздың қылығы Қазнетті сүйсіндірді
Фото: Видеодан алынған кадр

Танымал әнші Сәкен Майғазиев концертінде болған қызық оқиғасын бөлісті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы ол Instagram-парақшасында бөлісті. Видеода екі кішкентай қыз Сәкен Майғазиевке сыйлығын береді, қыздар өнер иесімен суретке түседі. Кейін кішкентай қыз сыйлығын қайта алғысы келіп жылайды. Әнші алған сыйлығын қыздарға қайтарып береді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Сәкен Майғазы | МузАРТ (@saken_maigaziyev)

"Бір күліп алыңыздар. Өзі сыйлап, өзі алып кетті. Баламысың деген... Оқиғаның қалай өрбігенін алдыңғы видеодан көре аласыздар. 2 минут видео қарап отыруға уақыты жоқ жандар үшін", - деп жазған әнші.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Сәкен Майғазы | МузАРТ (@saken_maigaziyev)

Желі қолданушылары баланың бұл қылығына сүйсініп, түрлі пікір қалдырған. 

"Сәкен ағаны осындай мінезі үшін сондай жақсы көремін", "Әйел адамның бар болмысы ғой. Өзіміз ойдан небірін шығарып алып, оған ренжеп қаламыз ғой. Сол сияқты мына балапан өзі сыйлап, өзі соған ренжіп қатырды", "Баламысың деген осы ғой, кейін өскенде күлетін шығар. Бұл - бала кездің естелігі", "Ырымға жақсы ғой. Сәкен ағаға берді, қайтып алды. Қайтқан малдың қайыры бар деген. Сәкен аға сияқты әнші болуға лайық. Жарайсың, балапан", "Бір күліп алдық", - деп жазған олар.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек