"Бұйырған күні болады". Танымал әнші көптің көкейіндегі сұраққа жауап берді

"Бұйырған күні болады". Танымал әнші көптің көкейіндегі сұраққа жауап берді
Фото: Instagram/bidash_official

Танымал әнші Балжан Бидаш көптің көкейіндегі сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оқырмандарының бірі одан балалы болу туралы сұрақ қойған. Бұл туралы ол Instagram-парақшасында бөлісті. 

"Жаратқанның жоспары бар шығар. Мен басында мүлде ойламатын едім, қазір шынымен, ойлайтын болдым. Бірақ депрессияға батпаймын бұл үшін. Бұйырған күні болады дейміз. Амалын жасау керек", - дейді әнші. 

Сондай-ақ, ол бұл мәселеге тап болған жұптарға кеңес берді. 

"Депрессияға кірсеңіз, бала тағы болмайды. Соны біліп ойламауға тырысыңыз. Күйеуіңіз екеуіңіз бір-біріңізді жақсы көріп, махаббатты ұлғайтуға тырысыңыздар. 3 жыл дейсіз, 10 жылдан кейін көтеріп жатқандар бар. Одан да амалын жасаңыз. Қазір мүмкіндік көп қой", - деп жауап қайтарған өнер иесі. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз! жы

С. Бөлек