"Жиі болатын құбылыс". Қытайда жаңбырдың орнына аспаннан құрт "жауған"

"Жиі болатын құбылыс". Қытайда жаңбырдың орнына аспаннан құрт "жауған"

Желіде Қытайдың "Ляонин провинциясында болған" оқиға туралы видео тарап жатыр. Бейнероликте провинцияда аспаннан жаңбырдың орнына құрт жауғанын көруге болады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengritravel.kz сайтына сілтеме жасап. 

Видеода көліктер мен жерде құрттар жатқанын, ал адамдар қолшатырмен кетіп бара жатқанын көруге болады. Желі қолданушылары аспаннан жаңбырдың орнына құрт жауғанын жазған. Mother Nature Network зерттеушілерінің деректері бойынша, бұл жиі болып тұратын құбылыс. Ал құрттар қатты желдің әсерінен ауаға түсіп, дауыл басылған кезде жерге құлаған болуы мүмкін.

Алайда кейбір адамдар бұл құрт емес, теректерден түскен нәрселер екенін де айтады. Ал енді бірі бұл видео фейк болуы мүмкін екенін де жазған. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина