"Қызғанып, көре алмайсыңдар". Қазнет Қайрат Нұртастың даусының жоқтығынан шошыды

"Қызғанып, көре алмайсыңдар". Қазнет Қайрат Нұртастың даусының жоқтығынан шошыды

Желі қолданушылары әнші Қайрат Нұртастың дауысына күмәнданған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Видео kaz.stars Instagram-парақшасында пайда болды. Видеода әнші әйеліне ән айтып жатқан кезде дауысы бітіп қалғанын көруге болады. 

"Желідегі жұрт Қайраттың дауысының жоқтығынан шошыды", - делінген жазбада.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ҚАЗАҚСТАН ЖҰЛДЫЗДАРЫ (@kaz.stars)

Желі қолданушылары бұл концерттен кейін қалыпты жағдай екенін айтса, енді бірі әншінің дауысына күмәнданған. 

"Оның бұрыннан дауысы жоқ қой. Жаздырып алып, фонограммамен екінің бірі айтады əнді", "Адам емес пе ол да? Қайраттың тамағының ауыруына да болмайды ма енді? Тек бәрін аңдып отырады екенсіңдер", "Ел не десе де, бағы бар жігіт қой", "Қаншама концерт берді, оңай емес", "Қызғанып, көре алмайсыңдар, Қайрат сияқты болып алыңдар әуелі", "Фонограммасы аман болса, дауысы бұрыннан жоқ қой", "Тамағы ауырып тұр, неге іштеріңіз сонша қара? Жақсы, жүрекпен айтатын керемет әнші, отбасы да керемет бақытты болсын", - дейді Желі қолданушылары. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина