Кез келген қазақтың үйінде бар: Желіде қазақтар туралы тренд пайда болды

Кез келген қазақтың үйінде бар: Желіде қазақтар туралы тренд пайда болды

TikTok-та қазақтардың таңдауы туралы тренд пайда болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қазақтардың таңдауы туралы видеолар миллиондаған қаралым жинап, қызу талқыланып жатыр. Трендтің мақсаты - қазақтарға ортақ дүниелерді көрсету. 

Мысалы, бұл видеода қазақтар көбіне қандай айна таңдайтыны көрсетілген. 

@thvsay ахахаха #CapCut #зеркало ♬ оригинальный звук - y

Ал бұл бүгінде кез келген қазақтың үйінен табылатын бокалдар туралы видео. 

"Бұл бокалдар бізде ғана бар ма десем", "Мен Қазақстанға келгенде бірден осы бокалдарды сатып алған орыспын", "Расында, керемет бокалдар, маған ұнайды", - деген пікірлер жазылған. 

@arias_alarikus #CapCut что если не жиза #врек#рек ♬ оригинальный звук - Arias from Greece

Бұл қазақтардың түсқағазды таңдауы туралы видео. Трендте қазақтар көбіне оюлы түсқағазды таңдайтыны көрсетілген. 

@poznovatelnyi

♬ оригинальный звук - ADIL

Трендтегі келесі видео TikTok-та 655 мыңнан аса қаралым жинаған. Видео қазақтардың жылқыға деген махаббаты туралы. 

@lionxkz #CapCut #картины #картинымаслом #юмор#приколы ♬ 1 second count / when button pressed / time signal 23(1117365) - QUESS

Ал бұл қазақтардың классикалық үлгідегі кілем таңдауы туралы видео. Расында, бұл кілемді көптеген адамның үйінде кездестіруге болатыны сөзсіз. 

@kyzyrbekova.m

пов:казахи)?

♬ оригинальный звук - kyzyrbekova.m

Көптеген қазақ шайды сағаттап іше беретіні белгілі. Тіпті ол үшін таңдайтын шәугімдері де бірдей болып шыққан. 

 

@auelzhanova_6 #CapCut ♬ оригинальный звук - auelzhanova_

Қазақтар қонаққа барса құр қол бармайды. Бірақ апаратын тәттіні таңдаудағы ой да бір жерден шығады екен. 

@alesya_370 #CapCut #казахстан#❤ ♬ оригинальный звук - ?✴Алеся✴?

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина