"Биыл дым жоқ, ақша жоқ". Атырауда асфальттағы шұрық тесіктерге кірпіш төселген

Желіде Атыраудағы асфальт суреті тарады. Суретте ойылған асфальттың орнына кірпіш төселгенін көруге болады. Қалалық әкімдік өкілдері бұл жайтқа қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ATPress.kz басылымына сілтеме жасап.

Сурет жергілікті atyrauoil.official Instagram-парақшасында пайда болды. Парақша оқырмандары бұл жайтқа қатысты түрлі әзіл жазған. 

"Қанша миллиард бөлінді екен?", "Салып кеткен Бекзод ака дейді ғой", "Осыны ойлап тапқан адамға сыйақы беру керек", "Биыл дым жоқ, ақша жоқ деп тұр ғой", "Боқтайын десең айыппұл, боқтамайын десең тағы болмайды", - дейді Желі қолданушылары. 

Атырау қалалық әкімдігінің бапасөз қызметінің мәліметінше, бұл жол жөндеу жұмыстарына дейінгі уақытша алынған шара екен.

"Жол жөндеу жұмыстары күн жылыған кезде басталады. Шамамен осы наурыз айында басталуы мүмкін. Сондықтан оған дейін жүргізушілерге ыңғайлы болсын деп осындай шара алынып отыр", - делінген хабарламада.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!