"Екі қар көшкіні арасында қалдық". ТЖМ Желіде тараған хабарламаға қатысты пікір білдірді

"Екі қар көшкіні арасында қалдық". ТЖМ Желіде тараған хабарламаға қатысты пікір білдірді
Фото: видео кадры

ТЖМ Алматы облысында қар көшкіні қоршауында қалып қойған адамдар туралы хабарламаға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әлеуметтік желілерде видео авторы қар көшкіні салдарын көрсететін кадрлар жариялаған.

"Қоршауда қалдық. Екі қар көшкіні арасында қалдық", - дейді видео авторы.

Жазбаға қарағанда, жолды қар басып қалған.

ТЖМ Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданындағы тау беткейлеріндегі қар жамылғысының тұрақсыз жағдайына байланысты 2023 жылдың 6-9 наурызы аралығында өздігінен қар көшкіні жүріп жатқанын хабарлады.

Алматы облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының 2022 жылғы 7 қарашадағы хабарламасына сәйкес, Есік қаласы - Есік көлінен 7-15 шақырымға дейін, сондай-ақ Түрген - Батан - Асы обсерваториясынан 20-дан 41-шақырымға дейінгі жолдар 2023 жылдың 31 наурызына дейін жабық.

Қар көшкіні кезінде зардап шеккендер мен қираулар болмағаны хабарланды.

"Алматы мемлекеттік қорығы қызметкерлерінің бірі эвакуациядан бас тартып, БАҚ-тағы ақпарат арқылы жолды тазартуды талап етіп отыр. Алматы мемлекеттік қорығы басшылығының айтуынша, инспекторларға көмек қажет емес, өйткені олар сол жерде тұрады және жетікілікті азық-түлік бар. Қар көшкіні қайталану қаупі мен жол жұмысшыларының өміріне қауіп төнгендіктен жол тазартылмай отыр", - деп қорытындылады ведомство өкіледір.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Д. Шәріпхан