Қостанайда кәсіпкер Apple тауар белгісін заңсыз қолданған

Қостанайда кәсіпкер Apple тауар белгісін заңсыз қолданған
Фото: көрнекі сурет

Қостанайда Apple Inc. корпорациясының тауар белгісін заңсыз пайдаланған кәсіпкер жазаланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі alau.kz басылымына сілтеме жасап.

Қостанайда жоспардан тыс тексеру жүргізу барысында ЖК Р. (жеке кәсіпкерлік) Apple Inc. компаниясында тіркелген Apple, iPhone тауар белгілерін заңсыз пайдаланғаны анықталған. Атап айтқанда, ЖК Р. тауарды сақтау, сату және өткізу бойынша тауар таңбаларын заңсыз қолданған.

Қостанай қаласының әкімшілік құқық бұзушылық істер жөніндегі мамандандырылған сотының 9 наурыздағы қаулысы бойынша, ЖК Р. бөтеннің тауар белгісін заңсыз пайдаланғаны үшін (ӘҚБтК-нің 158-бабы) әкімшілік жауапкершілікке тартылып, тауарын тәркілей отырып, 30 АЕК (103 500 теңге) мөлшеріндегі айыппұл түріндегі әкімшілік жазаға тартылған.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Д. Шәріпхан