Енді түнгі клубтар таңға дейін жұмыс істемейді

Енді түнгі клубтар таңға дейін жұмыс істемейді

Ақтауда мейрамханалар мен түнгі клубтардың жұмыс уақыты қысқаруы мүмкін, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Себебі қалада ішімдік ішу салдарынан жасалған қылмыстар саны күрт өскен. Сондықтан құзырлы орган қызметкерлері кәсіпкерлерге түнгі көңіл көтеру орындарының жұмыс уақытын қысқартуды ұсынды.

"Жылына 2000 қылмыс тіркеледі. Өзге өңірлермен салыстырғанда көп болмауы мүмкін. Бірақ бұл көрсеткіш бізді алаңдатады. Себебі қылмыстың басым бөлігі ішімдіктің кесірінен болып жатыр", - дейді Маңғыстау облысының прокуроры Руфат Кұттықов.

Мейрамхана бизнесіндегі кәсіпкерлер бұл ұсынысқа қарсы емес болып шықты. Олардың айтуынша, туристік маусымда келушілер көп болады. Сондықтан уақыт шектеу табысқа әсер етпейді.

Жалпы сағат түнгі 2-ден кейін сауда-саттық бәсеңдейді. Нақты айтқанда, сағат 4.00 пен 6.00-дің арасында кәсіпкер табыс таппайды. Керісінше қиын жағдайларға душар болып, шығынға ұшырауы да мүмкін. Сол үшін 2-ге дейін жұмыс істеу жеткілікті.

Айта кетейік, Ақтауға туристер сәуірденбастап келеді. Былтыр өзге өңірлер мен шет мемлекеттерден 230 мыңнан аса адам келген.

Сая Мәжитқызы

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Қ. Әбілдәқызы