Атырау облысында жол апатынан үш адам мерт болды: арасында жасқа толмаған бала бар

Атырау облысында жол-көлік оқиғасы салдарынан үш адам қаза тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.

9 наурыз күні республикалық маңызы бар Ақтөбе - Атырау - Астрахань тас жолының 551-шақырым тұсында "Ларгус" және УАЗ автокөліктерінің бетпе бет соқтығысуынан тағы бір ірі жол-көлік оқиғасы болды.

 Салдарынан оқиға орнында "Ларгус" автокөлігінің 1990 жылы туған жүргізушісі және 1994, 2022 жылдары туған жолаушылары қаза тапты.

Сонымен бірге УАЗ автокөлігінің 3 жолаушысы түрлі дене жарақатымен облыстық ауруханаға жеткізілген.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!