Түтінге тұншығып жатқан қыз табылған: Ақтауда пәтерден өрт шықты

Түтінге тұншығып жатқан қыз табылған: Ақтауда пәтерден өрт шықты

Ақтауда тұрғын үйлердің бірінде өрт шығып, 9 жастағы қыз газдан уланып қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, 10 наурызда 11-шағын ауданда №19 үйдің 7-қабатында пәтер жанып жатқаны туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына жеткен құтқарушылар пәтердің жатын бөлмесінде жиһаз жанып жатқанын анықтаған. Пәтердің жалпы ауданы 50 шаршы метр, жану ауданы 15 шаршы метр болған.

Құтқарушылар осы пәтердегі 2017 жылғы баланы қауіпсіз жерге шығарып, Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлеріне тапсырған. Өрт сағат 00-41-те ауыздықталған.

Оқиға орнына жеке құрамнан 11 қызметкер, 4 техника, Апаттар медицинасы орталығынан 3 қызметкер және 1 техника жұмылдырылған. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова