"Мен өлсем, жылама". Зілзала кезінде үйінді астында анасына Құран бағыштаған баланың жүрекжарды хикаясы

"Мен өлсем, жылама". Зілзала кезінде үйінді астында анасына Құран бағыштаған баланың жүрекжарды хикаясы
Фото: trt.haber

Жақында Түркияда болған зілзала кесірінен 11 жастағы Ахмет анасы мен бес бауырынан айырылған. Ол жақындары үшін бірнеше күн бойы апат болған жерде Құран оқыған, - деп хабарлайды inbusiness.kz trt.haber-ге сілтеме жасап.

Ахмет Каланың отбасы Хатайдың Антакия қаласында үш қабатты пәтерде тұрған. Жер сілкінісі бұл отбасының да ойранын шығарды. Қазір тек әкесі екеуі бір-біріне жұбаныш. Ал анасы жер сілкінісі кезінде Ахметті құтқарып, өзі қаза тапқан. Үйінді астынан шыққан сөмке - Ахметтің анасынан қалған жалғыз естелік.

"Мен бір күні өлсем, жылама. Егер сен жыласаң, мен тыныштық таппаймын", - деген анасы бірде кішкентай Ахметке.

Сондықтан Ахмет анасы мен бауырлары үшін жыламайды, керісінше дұға жасайды. Ол Интернеттен Құран тыңдап, өзі оқып үйренген сириялық Ахмет үйінді басында "Мүмин" сүресін оқыған.

Қазір әкесі Ахметтің жеке куәлігі қайта рәсімделгенін күтіп жүр. Олар бүгінде жақындарының үйін паналап жүр. Ахмет қайтадан мектепке барғысы келетінін айтты. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек