Қостанай облысында ұсталған адамды ​​ұрып-соққан полицейге үкім шықты

Қостанай облысында ұсталған адамды ​​ұрып-соққан полицейге үкім шықты
Фото: Тұрар Қазанғапов

Қостанай прокуратурасы ұсталған адамды ​​ұрып-соққан учаскелік полиция қызметкеріне қатысты үкім шығарды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Алау" басылымына сілтеме жасап.

Прокуратура мәліметінше, полиция қызметкері қылмыскерді ұстаған кезде оған денесін жарақаттаған .

Сот отырысының қорытындысы бойынша, бұрынғы полиция қызметкері Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің "Азаптау" бабы бойынша кінәлі деп танылып,  4 жылға бас бостандығынан айырылды.

"2023 жылғы 1 қаңтардан бастап Қылмыстық іс жүргізу кодексіне енгізілген кезекті түзетулер күшіне енді. Енді азаптау істері бойынша соталды тергеуді прокуратура жүргізетін болады. Егер полиция қызметкерлері азаматтарға қарсы құқық бұзса,  олар өз құқықтарын қорғау үшін Қостанай облыстық прокуратурасына жүгіне алады", - делінген қадағалау органының хабарламасында.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек