"Сайламасаңдар теріс сайлаңдар ал!" Желіде кандидаттың видеосы қызу талқыға түсті

"Сайламасаңдар теріс сайлаңдар ал!" Желіде кандидаттың видеосы қызу талқыға түсті

Желіде Amanat партиясының кездесуінде болған оқиға туралы видео тарады. Видеода спикер кездесуге келген халықпен сөзге келіспей қалғанын көруге болады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Видео TikTok-та тарады. Видеода депутат Еділ Жаңбыршинді де көруге болады. 

"Олай дауыс көтермеңдер! Менің шешем емессіңдер сендер олай дауыс көтеретін! Ал керек болса сендерге. Сайламасаңдар теріс сайлаңдар ал", - дейді видеодағы спикер. 

Желі қолданушылары спикердің әрекетін қызу талқыға салды. 

"Сайланбай тұрып дікіңдейді, сайланған соң боқтайтын шығар"

"Масқара ғой мынау, депутат болса не болады?"

"Сынды көтере алмайды, бірақ сайлауға түседі. Ертең халыққа үретін депутат болар"

"Халық не қылып отыр тұрып кетіп қалмай?"

"Кешірім сұраған видеосы жоқ па?", - деген пікірлер жазылған. 

Халықпен сөзге келіспей қалған адам - VII сайланған Парламенті Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі Самат Мұсабаев болып шықты. Оқиға Маңғыстау облысындағы Бейнеу ауданында болған. 

Артынша кездесуде жанжал шығарған адамдар кешірім сұраған сәт видеоға түсіп қалған. 

Самат Мұсабаевтың өкілдерінен бұл оқиғаға қатысты түсінік беруін сұрадық. Жауапты бірнеше күннен бері күткенімізбен өкілдерінен жауап келмеді. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина