Си Цзиньпин үшінші мерзімге ҚХР төрағасы болып сайланды

Си Цзиньпин үшінші мерзімге ҚХР төрағасы болып сайланды
Фото: РИА Новости

Қытайда бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысының депутаттары бірауыздан Си Цзиньпинді үшінші бесжылдық мерзімге ҚХР төрағасы лауазымына қайта сайлады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.

Си Цзиньпин 10 наурызда Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысының 14-отырысында бірауыздан Қытай Халық Республикасының (ҚХР) төрағасы және ҚХР Орталық әскери кеңесінің (ОӘК) төрағасы болып сайланды.

Си Цзиньпин - Қытай тарихындағы үшінші мерзімге ел президенті болып сайланған алғашқы адам.

Сонымен қатар, Қытай Халық Республикасы төрағасының орынбасары болып Мемлекеттік кеңестің бірінші вице-премьері Хань Чжэн сайланды. Қытай коммунистік партиясы Орталық комитеті Саяси бюросының Тұрақты комитетінің мүшесі Чжао Лэджи ҚХР Тұрақты комитетінің төрағасы болып тағайындалды.

Еске салайық, Қытай басшысы Си Цзиньпин былтыр 22 қазанда Қытай коммунистік партиясының басшысы болып үшінші бесжылдық мерзімге сайланған еді. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек