Атыраудағы теміржол компаниясына 485 миллион теңге айыппұл салынды

Атыраудағы теміржол компаниясына 485 миллион теңге айыппұл салынды
Фото: pixabay.com

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті Атырау көлік прокуратурасымен бірлесіп "РТИ-АМӨЗ" ЖШС іс-әрекеттерінде бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманы бұзу фактісін анықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Компания монополиялық жоғары бағаларды белгілеуде, қолдауда монополиялық ережені теріс пайдаланған және әртүрлі бағаны не тең мәнді келісімдерге әртүрлі шартты қолданған.

Атырау көлік прокуратурасының ұсынысы негізінде департамент "РТИ-АМӨЗ" ЖШС-не қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғады.

Істі қарау қорытындысы бойынша Атыраудың әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған сотының қаулысымен "РТИ-АМӨЗ" ЖШС жалпы сомасы 485 миллион теңгеге әкімшілік жаза қолданылып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды, ол мемлекет пайдасына толық көлемде төленді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан