"Сөз жоқ, жардың". Жеке концертінде әйеліне сезім білдірген Қайрат Нұртас Қазнетті тәнті етті

"Сөз жоқ, жардың". Жеке концертінде әйеліне сезім білдірген Қайрат Нұртас Қазнетті тәнті етті

Әнші Қайрат Нұртас жеке концертінде әйелі Жұлдыз Абдукаримоваға сезімін білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

TikTok-та тараған видеода әнші сахнадан түсіп, алдыңғы қатарда отырған әйеліне бір шоқ гүлімен сезім білдіргенін көруге болады. 

"Жаратқанның да, табиғаттың да бізге жазған заңдылығы сондай. Ешкімді сүймей өмір сүру өте жеңіл. Бірақ ол өмір - мағынасыз өмір. Жұлдыз, мен сені сүйем", - дейді әнші. 

Осылайша, әнші репертуарындағы "Сені сүйем" атты әнін орындап, сахнаға оралады. 

@nurbo.kn #KN ♬ оригинальный звук - Nurbo.kn

Видеоны көрген Желі қолданушылары әншінің бұл әрекетіне тәнті болған. 

"Қайрат, сөз жоқ, жардың", "Бақытты болыңдар, жұптарың жазылмасын", Өмірлерің мәнді де, сәнді болсын", "Қуаныштымын сіздер үшін", - дейді Желі қолданушылары. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина