Әйел 25 жыл бойы үй шаруасымен айналысқаны үшін бұрынғы күйеуінен қыруар ақша өндіріп алды

Испания соты ер адамды бұрынғы әйеліне 200 000 еуро төлеуге міндеттеді. Бұл әйелге 25 жыл бойы төленбеген үй шаруаларымен айналысқаны үшін берілген, - деп хабарлайды Euronews.

Ерлі-зайыптының екі қызы болды және сот шешімінде әйелі барлық уақытын отбасына, үй жұмыстарына арнағаны айтылады.

Сонымен қатар, олардың некесінде мүлікті бөлу шарты болған. Соған сәйкес олардың әрқайсы тапқан мүліктің барлығы тек оған тиесілі болған. Нәтижесінде, әйел күйеуімен бірге өмір сүрген жылдары сатып алған нәрселерге қол жеткізе алмай, ажырасу кезінде ештеңесіз қалған.

48 жастағы Ивана адвокатқа жүгінген. Ол 25 жылда Ивананың ең төменгі жалақымен 204 624 еуро алуы мүмкін екенін есептеп берген. Дәл осы соманы Малага соты ер адамға төлеуге міндеттеді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!