Шығыс Қазақстан облысында қар көшкіні жүрді

ШҚО-да қар көшкіні жүрді. Жолшылар учаскені тазартып жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"08 наурызда сағат 13:00 шамасында республикалық маңыздағы "Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Катонқарағай-Рахман қайнары" тасжолының 62 шақырымында қар көшкіні түсті. Қар көшкінінің параметрлері: ұзындығы - 4 метр, ені-3 метр, биіктігі - 1 метр", - деп хабарлайды "Қазавтожол" өкілдері.

Ведомство мәліметінше, зардап шеккендер жоқ. Республикалық күре жол ашық. Учаскеде қозғалыс бір жолақ бойымен ұйымдастырылған.

Қазір жолшылар учаскені тазартып жатыр. Арнайы техника жұмылдырылды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!