Бүгін қалаларда ауа сапасы қандай болады?

Бүгін қалаларда ауа сапасы қандай болады?
Фото: Tengrinews.kz

"Қазгидромет" РМК Қазақстан қалаларындағы ауа сапасына болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

8 наурызда қалаларда қолайсыз метеорологиялық жағдайлар болжанбайды.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек