Үлкен Алматы өзені маңында бірден төрт қар көшкіні болды

"Қазселденқорғау" мәліметінше, Алматының таулы аймақтарында бірден төрт қар көшкіні болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Түскен қар массасының жалпы көлемі - 1 500 текше метр. 

"7 наурызда Үлкен Алматы өзенінің орта таулы аймағында жүргізілген барлау жұмыстары кезінде №4, 5, 6 және 7 қар көшкіні жиналатын орынға төрт рет қар көшкіні өздігінен түсті. Түскен қар массасының жалпы көлемі 1 500 м3 болды. Төмен түскен қар массасы бөктерге тоқтады, зардап шеккендер мен мерт болғандар жоқ, ештеңе қирамады", - делінген "Қазселденқорғаудың" Instagram-дағы парақшасында.

"Қазселденқорғау" 8-10 наурыз аралығында да қар көшкіні қаупі бар екенін ескертті. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!