Шоколад қалдықтан жасалатыны рас па?

Шоколад қалдықтан жасалатыны рас па?
Фото: diapazon.kz

Әлеуметтік желіде шоколад жарнамасы тарап жатыр. Онда  қыз шоколад құрамын атайды, алайда онда табиғи қоспа болмайды. Одан әрі құрамы дәл осындай ректал дәрінің жарнамасы ұсынылады. Нәтижесінде қолданушылар супермаркеттерде сатылатын шоколад "қалдықтардан" жасалған деген қорытынды жасайды. Бұл - жалған ақпарат, - деп хабарлайды Stopfake.kz.

Шын мәнінде, таралған видео 2021 жылғы 19 қарашада ТНТ телеарнасында шыққан Comedy Club әзіл-сықақ бағдарламасынан үзінді.

Құрамы бірдей химиялық шоколадтар мен ректал дәрі туралы жарнама видео - әзіл, оны шын деп қабылдаудың қажеті жоқ.

Желіде супермаркеттерде ұсынылған өнімдер қалдықтардан жасалатыны және олардың құрамында дәрі-дәрмек барына ешқандай дәлел жоқ деп жазылған.

Елімізде сатылатын тағамның сапасы 2007 жылғы 21 шілдедегі "Азық-түлік қауіпсіздігі туралы" Заңмен реттеледі. Осы Заңның 19-бабына сәйкес, "Қазақстан Республикасының тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігін куәландыратын құжаттары жоқ тамақ өнімдерін өткізуге тыйым салынады". 20-бап, сондай-ақ, мұндай өнімді біздің елге импорттауға тыйым салады.

Яғни, қазақстандық супермаркеттердің сөрелеріндегі барлық өнім сертификатталған және сараптамадан өткен, оның қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі дәлелденді.

Қорыта айтқанда, бұл - жарнама ретінде ұсынылған әзіл видеоға негізделген жалған ақпарат.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек