Министрлердің жұбайлары 8 наурызға қандай сыйлық алатыны белгілі болды

Министрлердің жұбайлары 8 наурызға қандай сыйлық алатыны белгілі болды
Фото: pixabay

8 наурызда әйелдер қауымы керемет мерекені атап өтеді. Ежелгі дәстүр бойынша ер адамдар бұл күні әйелдерге сыйлық жасайды. Мереке қарсаңында министрлер де әйелдеріне не сыйлайтынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров жұбайына гүл сыйлайтынын айтты.

"Дәстүрлі түрде гүлдер", - деп жауап берді Қуантыров Үкімет кулуарында журналистердің сұрақтарына.

Сонымен қатар, журналистер министрден гүл шоғы қанша тұратынын сұрады.

"Қандай гүл екеніне байланысты, қызғалдақтар арзанырақ, раушандар қымбатырақ. Қазір раушанның құны 2,5 мың теңгеге жуық", - деп жауап берді министр.

Премьер-министрдің орынбасары - сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин да жұбайына гүл сыйлайтынын айтады.

"Гүл деп ойлаймын, сондай-ақ, достарымызбен бірге әйелдерімізді мейрамханаға шақыруды жоспарлап отырмыз. Бұл - әйелдер мерекесі, оны ешқашан ұмытпаймыз, жыл сайын осы күні мен әйелімді, анам мен әжемді құттықтап, гүл сыйлаймын", - деді министр.

Сонымен қатар, ол сыйлыққа қанша ақша жұмсауды жоспарлап отырғанын жеткізді.

"Шынымды айтсам, көп емес. Нақты бағаны айта алмаймын, гүлдер мен кәмпиттер", - деп жауап берді ол.

Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов та жұбайына гүл сыйлауды жоспарлап отырғанын айтты.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова