Қайтыс болған әйелдің жиналып қалған шашы мен тырнағы бірге көміле ме?

 Қайтыс болған әйелдің жиналып қалған шашы мен тырнағы бірге көміле ме?
Фото: create.vista.com

Кей әйелдер шашы мен тырнағын қоқысқа тастайды немесе суға ағызып жібереді. Ал біреулер түскен шашын жинап қояды. Егер әйел адам қайтыс болса, оның жиналып немесе қалып қойған шашын және тырнағын не істеу керек? Бұл сұраққа fatua.kz парақшасында ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімінің маманы Ерғали Байділдаев жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ерғали Байділдаев көпті мазалайтын сұраққа жауап берді.

"Жалпы шариғатымызда, Құран Кәрімде былай айтылады: "Біз сендерді топырақтан жараттық, сол топыраққа қайтарамыз. Уақыты келген кезде қияметте сол топырақтан шығарамыз". Осы аяттардан түсінетініміз, адам баласы өмірден өткеннен кейін ер болсын, әйел болсын көмілуі қажет. Ал енді сұраққа келетін болсақ, егер әйел адамның шашы, тырнағы оның бір бөлігі болып табылады. Қайтыс болған әйел немесе ер адам көмілмей жатса, шашы немесе тырнақтары бірге көмілуі керек. Ал егер көміліп қойған болса және шашы, тырнақтары қалып қойған болса, оны бөлек жерге көмуге болады, ештеңе етпейді. Шариғат бойынша рұқсат етіледі", - дейді маман.

Кей адамдар алған тырнақты және түскен шашты қоқысқа тастап немесе суға ағызып жіберіп жатады. Маманның айтуынша, оларды ең дұрысы - көміп тастау.

А. Жапатова