"Әйелді өлтірген". 25 жыл шетелде жасырынып жүрген қылмыскер ұсталды

"Әйелді өлтірген". 25 жыл шетелде жасырынып жүрген қылмыскер ұсталды
Фото: elements.envato.com

Қазақстанда қылмыс жасап, шетелге қашып кеткендер ұсталып жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Отырар" сайтына сілтеме жасап. 

Басылым мәліметінше, ТМД елдерінің құқыққорғау органдары мен Интерпол халықаралық қылмыстық полиция өкілдері бірлесіп жұмыс істеп жатыр.  

"Бүгінде Қазақстаннан тыс елдерде қылмыстық іске қатысы бар 15 адам анықталды. Оның ішінде әйел адамды өлтіріп, 25 жыл шетелде жасырынып жүрген адам ұсталды", - дейді ІІМ Криминалдық полиция департаментінің ІІО бойынша аға жедел уәкілі Қуаныш Ибрашев. 

Биыл жыл басынан бері қашып жүрген 416 қылмыскер ұсталған. Оның төртеуі адам өлтірген, 24-інің қарақшылық шабуылдар мен тонауға қатысы бар екені анықталды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина