Жаңбыр, қар, көктайғақ: Астанада және тағы 14 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды

"Қазгидромет" РМК Қазақстанның 15 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Синопиктердің болжамына қарағанда, Атырау облысының солтүстігінде, шығысында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші секундына 15-20 метрге жетеді.

Қарағандыда оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батыстан жел ауысады, күндіз күші 15-20 м/с-ке жетеді.

Көкшетауда күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар) мол түседі, жаяу бұрқасын, көктайғақ, тұман болады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел шығысқа ауысады, күші күндіз 15-20, екпіні 23 м/с-ке дейін жетеді.

Астанада оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні секундына 17-22 метр болады.

Маңғыстау облысында тұман. Жел солтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман, көктайғақ болады. Жел солтүстік-батыстан, батыстан соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Алматы облысының батысында, оңтүстігінде оңтүстік-шығыс желі, екпіні 15-20 м/с. 

Жамбыл облысында 7-8 наурызда түнде және таңертең тұман түседі. 

Ұлытау облысында кей уақытта жауын-шашын, күндіз солтүстігінде жауын-шашынды (жаңбыр, қар), көктайғақ болады. Облыстың шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батыстан жел ауысады, түнде облыстың батысында екпіні 15-20 м/с, күндіз күші 15-20, кей уақытта екпіні 23-28 м/с күтіледі. 

Қызылорда облысының орталығында, оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстіктен соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, күші түнде облыстың орталығында 15-20 м/с, күндіз 15-20, облыстың орталығында екпіні 25 м/с күтіледі. 

Ақтөбе облысының батысында, орталығында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың солтүстігінде көктайқақ күтіледі. Күндіз облыстың шығысында жаяу бұрқасын болады. Желдің бағыты оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысады күші, облыстың оңтүстігінде, орталығында, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Павлодар облысында жауын-шашын, батысында, солтүстігінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, кар), облысының батысында, оңтүстінде, орталығында көктайғақ, облысының солтүстінде бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облысының солтүстігінде 15-20 м/с, күндіз солтүстігінде, батысында, оңтүстінде 15-20 м/с, екпіні 25 м/с күтіледі. 

Қостанай облысының басым бөлігінде қар, облыстың оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз батысында, солтүстігінде, орталығында қатты қар. Облыстың солтүстік жартысында бұрқасын. Облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде көктайғақ, тұман. Оңтүстіктен соғатын жел солтүстікке ауысады, облыстың басым бөлігінде 15-20, күндіз облыстың шығысында екпіні 23 м/с. 

Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, түнде облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде күші 15-20, екпіні 23-28 м/с. 

Абай облысының оңтүстігінде, батысында, солтүстігінде жауын-шашын, күндіз облыстың солтүстігінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде жаяу бұрқасын. Жолдарда көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың оңтүстігінде, батысында 15-20, екпіні 25 м/с. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!