Дикий Арман қашанға дейін қамауда отыратыны белгілі болды

Дикий Арман лақапатымен танымал Арман Жұмагелдиевті қамауда ұстау мерзімі ұзарды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотына сілтеме жасап.

"6 наурызда сот қаулысымен соталды тергеу органының өтінішхаты қанағаттандырылды және Д.-ға қатысты қылмыстық іс материалдарын қарау кезінде қамауда ұстау мерзімін бір айға дейін, яғни 2023 жылғы 7 сәуірге дейін ұзартуға санкция берілді", - делінген сот хабарламасында.

Айта кетейік, Жұмагелдиев ұсталғаны туралы ақпарат 7 қаңтарда белгілі болды. Ол бес адамнан тұратын қылмыстық топпен бірге Алматыда арнайы операция барысында ұсталды. Ұсталған кезде күдіктілерден әртүрлі маркалы және калибрлі төрт жартылай автомат тапанша, оқ-дәрілер, суық қару мен брондалған көлік тәркіленді.

ҚР ІІМ-нің алдын ала деректері бойынша, ол былтыр желтоқсанда шетелден келген және 5-6 қаңтардағы оқиғалар кезінде Алматыда болған.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!