Иманбектің суреті Нью-Йорктегі Таймс-скверде пайда болды

Қазақстандық диджей, "Грэмми" премиясын алған Иманбек Зейкеновтің суреті Нью-Йорктегі Таймс-скверде экранда пайда болды. Бұл туралы музыкант өзінің Instagram парақшасында жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Иманбек суретті орналастырғаны үшін 300 Entertainment және Effective Records дыбыс жазу студияларына алғыс білдірді.

Экранда Иманбек пен американдық әнші Тревор Дэниелдің "In The Morning" деп аталатын жаңа әні жарнамаланды.

Бродвей мен Жетінші даңғыл қиылысында орналасқан Таймс-сквер - әлемдегі ең көп адам баратын көрнекті орындардың бірі. Бұл жер "әлемнің қиылысы" деп аталады, ол - Нью-Йорк пен бүкіл Америка Құрама Штаттарының символы.