Қандай киіммен кеткені белгісіз: Талғарда бір ай бұрын жоғалған ер адам табылмай жатыр

Қандай киіммен кеткені белгісіз: Талғарда бір ай бұрын жоғалған ер адам табылмай жатыр

Талғарда шамамен бір ай бұрын жоғалып кеткен 26 жастағы ер адам әлі табылмай жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы еріктілер Instagram-да хабарлады. 1997 жылы туған Исмаилжан Избакиев 5 ақпанда жоғалып кеткен. Ол үйінен шығып, оралмаған.  

Белгілері: көзі қоңыр, орта бойлы, шашы қара. Үйінен шыққанда қандай киіммен кеткені белгісіз. 

Еріктілер жоғалып кеткен ер адамды көрген не білгендер болса мына нөмірлерге хабарласуды сұрайды:  +7 701 375 92 91 немее 102.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина