Түпнұсқадан еш айырмашылығы жоқ. Атақты күйші Қазанғаптың домбырасының көшірмесі жасалды

Түпнұсқадан еш айырмашылығы жоқ. Атақты күйші Қазанғаптың домбырасының көшірмесі жасалды
Фото: видеодан алынған кадр

Атақты күйші Қазанғаптың домбырасының көшірмесі Қызылорда музейі қорына табысталды, - деп хабарлайды "Хабар 24"

Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінің қоры композитор әрі күйші Қазанғап Тілепбергенұлының домбырасының көшірмесімен толыққан.

Қазанғап - 124 күйдің авторы. Оның домбырасының көшірмесін жергілікті шеберлер жасаған. Сарапшылардың айтуынша, құнды жәдігер Алматыдағы Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптары музейінде сақталған түпнұсқадан еш айырмашылығы жоқ.

"Домбыраның көшірмесі біздің тапсырысымыз бойынша арнайы жасалған. Оны жергілікті шебер жасады. Салмағы - 400 грамм, ал ұзындығы - 91 сантиметр. Бұл экспонат өскелең ұрпақтың рухани дамуына өз үлесін қосатынына сенімдіміз", - дейді Қазанғап атындағы Қызылорда музыкалық колледжінің директоры Ұлжан Байбосынова. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова