"Айтып-айтып тастадым". Жазира Байырбекова қалай сабырға келетінін мәлімдеді

Танымал әнші Жазира Байырбекова Instagram-парақшасында ашуын қалай басатынын, қандай жолмен сабырға келетінін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Өнер иесі оқырмандарының ойын сұраған. Сондай-ақ, көмекшісіне айтып тастап, кейін дауыстық хабарламаны жібермей қалғанын жеткізген.

"Іште сақтамай айту керек нәрсені айтып тастаған дұрыс дейді. Солай ма?! Ватсапқа аудиомен көмекшілерімнің біріне айтып-айтып тастадым да жібермей өшіре салдым. Сонда да ашуым басылып жеңілдеп қалдым", - деп жазған ол.

Желі қолданушылары оның істегені дұрыс болғанын жазған. 

"Жібермей дұрыс істегенсіз, керемет жансыз", "Иә, іштей, ойша айтып, айтып тастау керек", "Мен де солай істеймін", - дейді пікір жазғандар.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!