Алматыда полиция даулы тұрғын үй кешендеріне байланысты істі тергеп жатыр

Алматыда полиция даулы тұрғын үй кешендеріне байланысты істі тергеп жатыр
Фото: elements.envato.com

Алматы қалалық Полиция департаменті "Үш қоңыр" және "Весновка" тұрғын үй кешені үлескерлерінің арызы негізінде тергеуді бастады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Алматы прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл арыз бойынша іс ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы, 4-бөлігі, 2-тармағы (Алаяқтық) бойынша тергеліп жатыр.

Алматы прокуратурасы тергеу органының Lider Group Consalt ЖШС директоры мен бірқатар тұлғасын күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын қолдану туралы өтінішхатын қолдады. Олар Алматы қаласының тергеу соты санкциясымен 2 ай мерзімге күзетпен ұстауға алынды.

Соталды тергеу жалғасып жатыр. 

Айта кетейік, бұған дейін Алматыда Бостандық ауданының тұрғындары қала әкімі Ерболат Досаевқа жаңа тұрғын үй кешендерінің біріндегі екі сатылымға шағымданған еді. Олар тұрғын үй кешенінің үлескерлері алдап, пәтер мен ақшасыз қалдырғанын жеткізген болатын.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова