ТЖД алматылықтарды тауға барудан бас тартуға шақырды

Үлкен және Кіші Алматы өзендері бассейндерінде қар көшкіні жүруі мүмкін, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қазгидрометтің жариялаған ескертуіне байланысты 5-7 наурыз аралығында үлкен және Кіші Алматы өзендері бассейндерінде қар көшкіні жүруі мүмкін", - делінген хабарламада.

ТЖД тұрғындарды қар басқан беткейлерге шығудан, тауларға барудан бас тартуға шақырды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!