Ақтөбе облысында 9-сынып оқушылары жол апатына ұшырады: бір қыз қаза тапты

Ақтөбе облысында 9-сынып оқушылары жол апатына ұшырады: бір қыз қаза тапты

Ақтөбе облысы Шалқар ауданы маңында оқушылар жол апатына ұшырады, - деп хабарлайды "Диапазон".

Басылым мәліметінше, оқиға 4 наурызда кешкі сағат 20:55 шамасында Шалқар-Базой тасжолының 4-шақырымында болған. 9-сынып оқушысы Toyota Land Cruiser көлігін тізгіндеп келе жатып аударылған. Оқиға салдарынан бір кәмелетке толмаған қыз сол жерде қаза болған. Қалған төртеуі Шалқар аудандық ауруханасына жеткізілген.

Балалар Шалқардың № 8 мектебінің оқушылары екені айтылған. Алайда өңірдің білім басқармасы өкілдері әлі ешқандай пікір білдірмеген.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова