Үй маңында өзен бар екен: Түркістан облысында 3 жасар бала суға батып кеткен

Үй маңында өзен бар екен: Түркістан облысында 3 жасар бала суға батып кеткен
Фото: pixabay.com

Түркістан облысында 3 жасар бала өзеннен өлі табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Түркістан облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

4 наурызда сағат 18.00-де Түркістан облысы ТЖД 112 пультіне Бәйдібек ауданы Жоғарғы Боралдай ауылының жергілікті тұрғындары 2020 жылғы баланың денесін (құлаған жерден 1 шақырым жерде) судан алып шыққаны туралы хабарлама түскен.

Алдын ала мәлімет бойынша, 4 наурызда күндіз ата-анасының қарауынсыз қалған 2020 жылы туған бала суға түсуге жабдықталмаған жерде суға құлаған. Үйге жақын маңда өзен бар екен.

Оқиға орнына Түркістан облысы ТЖ департаментінің, кезекші тергеу-жедел тобының қызметкерлері барған.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова