Ресейлік жастар арасында аса танымал қауіпті топ Қостанайда жиын өткізеді деген хабар тарады

Ресейлік жастар арасында аса танымал қауіпті топ Қостанайда жиын өткізеді деген хабар тарады

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде Қостанайдағы сауда орталықтарында "ЧВК Рёдан" бейресми жастар қозғалысын қолдаушылардың кездесуі өтетіні туралы хабарламалар тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

""ЧВК Рёдан" бейресми жастар қозғалысын қолдаушылары қара шалбар киіп, ұзын қара шаш қойып, өрмекшінің бейнесі бар қара футболка киеді. Бұл символика танымал жапондық "Hunter x Hunter" аниме сериясынан алынған. Мұндай тату-суреттерді ондағы Өрмекшілер тобының мүшелері жасаған. Жалпы, бұл аниме кейіпкерлері өздерінің жауыздықтарымен ерекшеленеді. Ертең осы субмәдениеттің жетекшілері орталықта "Март" СО мен "Қостанай плаза" СО-да кездесуді жоспарлап отыр. Полиция тарапынан күш қолдану болады! Сондықтан балаларыңызды жібермеуіңізді сұраймыз. Осы ақпаратты 5-11 сынып жетекшілері мен ата-аналарға жеткізіңіздер", - делінген хабарламада.

Қазір полиция бұл ақпаратты тексеріп жатыр.

"ЧВК Рёдан" субмәдениеті ақпанда ресейлік сауда орталықтарында болған жаппай төбелестен кейін кеңінен танымал болды. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Г. Досымшалова