Түркияның Адыяман қаласында жер сілкінді

Түркияның Адыяман қаласында магнитудасы 4,4 балдық зілзала тіркелді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ria.ru басылымына сілтеме жасап.

Бұл туралы 4 наурызда Түркия үкіметі жанындағы Төтенше жағдайларды болдырмау және салдарын жою басқармасы (AFAD) мәлімдеді.

Жерасты дүмпуі жергілікті уақытпен 5.27-де тіркелген. Эцпицентрі Челикхан ауданында орналасқан. Тереңдігі - 7 шақырым.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!