Бір қарағанда зиянсыз: дәрігер ең қауіпті пластикалық ота туралы айтты

Бір қарағанда зиянсыз: дәрігер ең қауіпті пластикалық ота туралы айтты

Кез-келген пластикалық ота кезінде ісіну, көгеру, қабыну, инфекция секілді асқынулар болуы мүмкін. медицина ғылымдарының кандидаты, пластикалық хирург Андрей Копасов бір қарағанда зиянсыз, бірақ салдары мүгедектікке тіпті өлім қауіпін төндіретін операциялар туралы айтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Копсаов өлім қаупін төндіретін операциялар қатарына липосакция, блефаропластика, бет тарту және абдоминопластика жататынын айтады.

Сарапшының айтуынша, пластикалық хирургиядағы ең қауіпті оталардың көшін липосакция бастап тұр.

Одан кейін сақтықпен жасалуы керек тағы бір ота - бұл блефаропластика, оны көпшілік қарапайым және ең жарақатсыз деп санайды. 

"Иә, операция өте жылдам және аса күрделі емес. Бірақ негізгі қауіп отадан 1-3 күн өткеннен кейін туындайды. Мысалы, егер сіз төменгі қабақтың трансконъюнктивальды блефаропластикасын жасатсаңыз немесе жай ғана көздің үстінгі терісін алдыртсаңыз қан кету операциядан кейінгі кезеңде болуы мүмкін. Кейін қан көз ұясына түсіп, көру жүйкесін қысады, бұл көру қабілетінің толық жоғалуына әкелуі мүмкін", - дейді пластикалық хирург.

Хирург блефаропластикадан кейін жағымсыз салдарды болдырмау үшін дәрігердің айтқанын мұқият орындап, алғашқы бес күнде дәрігердің бақылауында болу керектігін, асқынулардың алғашқы белгілерінде дереу ауруханаға бару керектігін айтады.

Тағы бір қауіпті оталардың бірі - бетті тарттыру. Дәрігердің айтуынша, бұл отаны жасау кезінде беттің моторлы бұлшықеттеріне жауап беретін бет нервісінің тармақтары зақымдануы мүмкін.

"Бұл бет бұлшықетінің сал болуына әкеледі. Адам көзін, аузын ашып, жұма алмай қалады. Сонымен қатар, бұлшықеттің зақымдануымен бетте ассиметрия пайда болып, адам мүгедек болып қалуы мүмкін. Мұндай зардаптардың алдын алу үшін хирург тіндік қабаттармен өте мұқият жұмыс істеуі керек, нервтердің зақымдануына жол бермеуі және бұлшықеттің жиырылуын бақылауы керек", - деді дәрігер.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Г. Досымшалова