"Аяқта боти, маған бәрібір". Ауылда сиырлардың ортасында билеген келін Қазнетті тәнті етті

"Аяқта боти, маған бәрібір". Ауылда сиырлардың ортасында билеген келін Қазнетті тәнті етті

Ауылда сиырлардың ортасында билеген келін Қазнетті тәнті етті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Видео TikTok-та пайда болды. Куба Рыскуль атты қолданушы парақшасында осы секілді видеоларды жиі салып тұрады екен. Парақшадағы ақпаратқа сүйенсек, видеодағы әйел қырғызстандық. 

@kuba.ryskul

♬ оригинальный звук - kuba.ryskul

Видеоны 587 мыңнан аса адам көріп, 725 пікір жазылған. 

"Келін бүрісіп, қай жерден ұрыс шығады деп жүрмей, ойнап, күліп жүргенге не жетсін? Жарайсың", "Күшті керемет, бұзаулар да билегісі келіп тұр-ау", "Келін күліп жүргені енесі жақсы деген сөз", "Аяқта боти, маған бәрібір деп жүр ғой", - дейді Желі қолданушылары. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина