Шприцтер, бос құтылар. Павлодарда нашақорлар притоны әшкере болды

Шприцтер, бос құтылар. Павлодарда нашақорлар притоны әшкере болды
Фото: POLICE_of_KZ

Павлодар облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімшесінің жедел қызметкерлері есірткі құралдарын пайдалануға арналған притонды жойды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі POLICE_of_KZ Telegram-арнасына сілтеме жасап.

Қабылданған шаралар нәтижесінде полицейлер заңсыз есірткі мен заттарды бірлесіп пайдалану үшін нашақорларға өз тұрғын үйін жүйелі түрде берді деген күдікпен Павлодар қаласының 37 жастағы тұрғынын анықтаған.

Тінту іс-шаралары барысында тұрғын үй-жайда жедел қызметкерлер шприцтер, бос құтылар, күйе іздері бар ыдыстарды, сондай-ақ есірткіні пайдалану үшін қолданатын өзге де заттарды тауып, тәркілеген.

"Дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 297-бабы 1-бөлігі бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр. Күдікті Павлодар қаласы ПБ УҰИ-ға қамауға алынды", - деді Павлодар облысы ПД ЕҚҚКБ бастығының міндетін атқарушы Арсен Айғазин.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Д. Шәріпхан