Гонконгте салынып жатқан 42 қабатты зәулім ғимаратта өрт шықты - видео

Гонконгте салынып жатқан 42 қабатты зәулім ғимаратта өрт шықты - видео
Фото: Видеодан алынған кадр

Гонконгте салынып жатқан 42 қабатты зәулім ғимаратта өрт шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Гонконгтың сауда және туристік ауданы Цим Ша Цуйде өрт шықты. Жалын салынып жатқан 42 қабатты зәулім ғимаратты шарпыған. Биіктен құлаған ғимарат бөліктері бірнеше азаматты жарақаттады.

Жергілікті тұрғындар желіде жариялаған видеолардан жалын ғимараттың жоғарғы қабаттарын толығымен шарпығанын көруге болады. Алдын ала болжам бойынша, ғимараттың жанынан өтіп бара жатқан екі көлік жүргізуші құлаған ғимарат бөліктерінен зардап шеккен. 

Зәулім ғимараттың ішінде құрбандардың бар-жоғы да, өрт себебі де әлі белгісіз.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек