Алматыда курсант өлі табылды

Алматыда курсант өлі табылды
Фото: Қорғаныс министрлігі

Құрлық әскерлері Әскери институтының оқу орталығының қарауылдық постында 1 курс курсанты тіршілік белгілерісіз табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап. 

Бұл дерек бойынша соталды тергеу басталды. Оқиғаның мән-жайын анықтауға Құрлық әскерлері бас қолбасшысының бірінші орынбасарының бастауымен арнайы комиссия жіберілді.

ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жария етуге жатпайды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина