Назарбаев кеңсесінің 2023 жылғы бюджеті 130 миллион теңгеге азаяды

Сенат кулуарында қаржы вице-министрі Дәурен Темірбеков биыл Тұңғыш Президент кеңсесін қаржыландыру 1-1, 5 миллиард теңге болғанын, оның 130 миллион теңгесі қысқаратынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

"Бюджетті нақтылау барысында біз ҚР Тұңғыш Президенті кеңсесіне жұмсалатын ақшадан 130 миллион теңге қысқарттық. Қалған ақша 1-1, 5 млрд теңге шамасында, содан 130 млн теңге алынып тасталады. Бұл тек осы жылға, - деді Дәурен Темірбеков.

Сонымен бірге Тұңғыш Президенттің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Tengrinews.kz порталына биылғы қаңтар айында Қаржы министрлігі Тұңғыш Президент кеңсесінің шығындарын тағы 117,7 миллион теңгеге азайтуға бюджеттік өтініш бергенін хабарлады.

Өтінім мақұлданғаннан кейін кеңсенің 2023 жылға арналған бюджеті 591,2 миллион теңге болады.

"Нұрсұлтан Назарбаевтың өз өкілетін 2022 жылы Тұңғыш Президент кеңсесіне беруіне байланысты штат санын 50 пайызға азайту бойынша жұмыс жүргізілді. Нәтижесінде қазіргі уақытта кеңсе қызметкерлерінің штаттық саны 25 бірлік болып отыр", - деді кеңсенің баспасөз қызметі.

Қызметкерлердің қысқаруына байланысты Тұңғыш Президент кеңсесінің шығыны 2022 жылы 1,2 миллиард теңгеден 499,6 миллион теңгеге азайып, 750 миллион теңге болды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!